Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Цифрландыру дәуіріндегі білім

2018 жылдың 16 ақпан күні «№ 39 орта мектебі» КММ білім беру жүйесін цифрландыру бойынша білім беру бөлімі басшысының жанындағы жоспардан тыс отырыс болып өтті. Жиын жұмысына ШҚО білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың өңірлік орталығы» ММ мамандары, жалпы білім беретін мектеп директорлары, мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында ҚӘБ әдіскері Н.Т. Капчикова қатысушыларды қала мектептеріндегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды. Білім саласындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары Республика мектептерінде «Kundelik» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу, цифрлық білім қорын оқыту үрдісінде «Bilimland» республикалық порталын пайдалану болып табылады. Осы мәселе бойынша ШҚО білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың өңірлік орталығы» ММ директорының орынбасары Б.С. Кажибекова, инновациялық технологияларды енгізу зертханасының меңгерушісі А.Т. Бакимбаева баяндама жасады.

2018 жылы қаладағы 42 мектепті «Менің мектебім» бағдарламасы аясында жаңаша түрлендірілген 70 кабинетпен қамту жоспарланған. Қала мектептерінің жаңаша түрлендірілген кабинеттермен жабдықтауға дайындығы қалай жүріп жатқандығы туралы Қалалық ББ бас экономисі А.Т.Сагандыков ақпарат берді. Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар секторының меңгерушісі Л.И.Тимофеева мектеп түлектерінің алдын-ала жұмысқа орналасу мәселесін қозғады.

Білім беру бөлімінің бас маманы А.К. Ережепова мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру және кезекті қолдану мен қалыптастыру үрдісін автоматтандыру туралы айтып өтті.  

Өскемен қаласының білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д. К. Ибраимова жиынның қорытындысын шығара отырып, талқыланған барлық мәселе бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттілігіне аса мән берді.