Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ақпараттандыру – білім беруді дамытудың стратегиялық ресурсы

2018 жылдың 14 ақпан күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 19 қосымша білім беру мектеп орталығы» КММ –де «Ақпараттандыру – білім беруді дамытудың стратегиялық ресурсы» атты қалалық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: мектеп кеңістігін цифрландыру мәселелері бойынша мектеп директорлары орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

ҚӘК әдіскері Н.Т. Капчикова семинар мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. «Исток» жеке мектебінің директоры Н.В. Кривошеина өз сөзінде қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық қамту туралы мәлімдеді.  

2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «№ 36 орта мектебі» КММ директорының ТЖ жөніндегі орынбасары О.В. Макиенко «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережесімен таныстырды. Бағдарламаның негізгі мақсаты: тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу үшін цифрлық экожүйені қарқынды дамыту, ұлттың және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Ол барлық қызмет саласын, ең алдымен білімді қамтиды.

«№ 15 орта мектебі» КММ-де «Мен және әлем» облыстық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты: IT-технологиясы саласында қызығушылығы бар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды айқындау; интернет-технологияларды қолдануда қосымша білім алуға көмек көрсету, және де қашықтықтан Білім порталында кеңес беру. Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 15 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.М. Тарина жобаның жүзеге асырылуы туралы айтып өтті.  

2016 жылдан бері қаланың 12 мектебі «Kundelik» республикалық жобасына кірді. «Ахмер орта мектебі» КММ директорының ОІ жөніндегі орынбасары Г.А. Орыспаева «Kundelik» ААЖ толтырудың шешу жолдары және проблемалары туралы бөлісті.

«№ 9 орта мектебі»  КММ директорының ОІ жөніндегі орынбасары Е.С.Владимирцева «Мультимедиялық журналистика жолында» атты баяндамамен шықты. Ол мектептің баспасөз орталығы қалай жұмыс істейтіні, медиа-форматтағы «Девяточка» мектеп газеті қалай шығарылатыны жайында айтып өтті.

Семинар барысында білім саласын ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұсыныстар жасалды.