Аягөз филиалында «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында ашық есік күні өтті
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ Аягөз филиалында «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – архивте сақталған тарихи құжаттардың маңызын көпшілікке таныстыру, жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру және архив саласының қоғамдағы рөлін насихаттау.
Шараға Аягөз қаласының тұрғындары, Абай облысы білім басқармасының Аягөз білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар №6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің 6-7 сынып оқушылары қатысты.
Ашық есік күні аясында қонақтарды арнайы мекеме басшысы Куренкеев Канагат Селеубаевичтің өзі келушілерді құттықтап, жалпы архив саласы туралы мәлімет берді. Ары қарай архившілері архив жұмысының негізгі бағыттарын таныстырылып, архив қорларымен танысу экскурсиясы ұйымдастырды. Келушілер құнды тарихи құжаттардың сақталу тәртібімен танысып, архив қызметкерлерінің күнделікті атқаратын жұмысы туралы мағлұмат алды.
Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған «Тарихты құжаттар сөйлетеді» көрмесінде Аягөз өңірінің тарихына қатысты архивтік құжаттар мен тарихи материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір құжат – белгілі бір кезеңнің куәсі, өткен тарихымызды зерттеуге мүмкіндік беретін баға жетпес дерек.
Іс-шара барысында архивші Сатимбекова Жадыра Базаровна «Отбасылық құжаттардан жеке архив қорын жасау» тақырыбында шеберлік сабағы да өткізді. Қатысушылар отбасында сақталған маңызды құжаттарды жүйелеу, сақтау және келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Ашық есік күні барысында архив саласында жүргізіліп жатқан құжаттарды цифрландыру жұмыстарына да ерекше назар аударылды. Бүгінде тарихи құжаттарды электрондық форматқа көшіру – архив мұрасын сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа қолжетімді етудің маңызды бағыттарының бірі.
Архив – тек құжат сақталатын орын емес. Ол – өткен мен бүгінді жалғайтын, ел тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін рухани қазына. Архивте сақталған әрбір құжаттың артында халықтың тарихы, елдің тағдыры, тұтас бір дәуірдің шежіресі жатыр.
«Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні келушілерге архив жұмысының қыр-сырын таныстырып қана қоймай, тарихи құжаттарға деген құрметті қалыптастыруға және туған өлке тарихын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Өткеннің сырын архив құжаттарымен бірге ашайық!