Юрий Павлович Осьмаков
Юрий Павлович Осмаков 1953 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік институтын, 1993 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын, 2001 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік бітірген.
Еңбек жолын 1976 жылы Семей облыстық «Динамо» кеңесінде нұсқаушы болып бастаған, содан кейін облыстық спорт комитеті жанындағы БЖСМ жаттықтырушысы, Семей облыстық атқару комитеті жанындағы дене шынықтыру және спорт комитетінің нұсқаушысы, Семей қалалық атқару комитетінде жастар ісі жөніндегі меңгеруші болып қызмет атқарған. Сондай-ақ Семей қалалық әкімдігінде жастар, туризм және спорт істері жөніндегі комитеттің төрағасы, басқарма басшысы, облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың бөлім меңгерушісі, Семей облыстық әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің кеңесшісі, Семей облыстық ұлттық саясат комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған, кейін Семей қаласы әкімі аппаратының құқықтық жұмыс бөлімінде ұйымдастыру секторының меңгерушісі, одан соң кеңесшісі болып жұмыс істеген. 1998–2000 жылдары Семей қаласы әкімінің кеңесшісі, ал 2000–2003 жылдары Семей қаласы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған. 2003 жылдан бастап Юрий Павлович Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.
Көпжылдық адал еңбегі мен жемісті қоғамдық қызметі үшін Ю.П.Осьмаков «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Ерекше қызметі үшін», «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Халықаралық ядроға қарсы Семей-Невада» медалімен, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған
