III архившілер Конгресі — «Digital Archive EXPO»

2026 жылғы 8-12 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған III архившілер Конгресі — «Digital Archive EXPO» өтті. 

image-1394-2321.peg

Іс-шараға Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлері З.О.Есергепова, «Абай облысы мемлекеттік архиві» Аягөз филиалынан Ж.Б.Сатимбекова және Жарма филиалынан Ш.Ж.Нургалиева қатысты. Конгресс аясында сессиялар, ЮНЕСКО-ның халықаралық семинары және жас архившілердің IX Халықаралық жазғы мектебі өтті.

image-1394-2320.peg

Халықаралық семинар Архившілердің III Конгресі аясында ЮНЕСКО-ның «Әлем естелігі» бағдарламасы бойынша өткізілді.  Іс-шара барысында жасанды интеллект дәуірінде құжаттық мұраны сақтау, олардың түпнұсқалығын қамтамасыз ету және қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ спикерлер архивтерді цифрландыру, құжат айналымын автоматтандыру және ақпараттың түпнұсқалығын қамтамасыз ету салаларындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар архив саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажеттігін қолдады. Халықаралық конгреске қатысушылардың атынан іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

image-1394-2322.peg

Конгресс барысында архив ісі саласы бойынша жаңа білімдерге ие болып, жаңа мүмкіндіктермен танысып, кәсіби қызметімізге қажетті құнды әрі пайдалы ақпарат алдық.

Конгресс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.