Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Мемлекеттік рәміздер – кез келген тәуелсіз мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін қасиетті белгі. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді.
Мемлекеттік Ту-бейбітшілік пен бірліктің, ашық аспан мен тұрақтылықтың белгісі болса, Мемлекеттік Елтаңбамыз – ортақ шаңырағымыз Қазақстанның бірлігі мен тұтастығын білдіреді. Ал Әнұранымыз – Отанға деген сүйспеншілікті, елге деген мақтаныш сезімін оятатын ерекше рухани құндылық.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының азаматтық парызы.
Дәл осы күні 4 маусым рәміздер күні - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және ұлттық рухын дәріптейтін маңызды мереке.
Осыған орай Аягөз филиалы ұжымы Мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттап, олардың тарихи мәнін жас ұрпаққа таныту бағытындағы жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді. Архив қорларында еліміздің қоғамдық-саяси өмірін, тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғаларға қатысты құнды құжаттар сақталуда. Бұл құжаттар Қазақстанның қалыптасу тарихын зерделеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.
Аягөз филиалы барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, еліміздің тәуелсіздігі нығайып, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей беруіне тілектестік білдіреді.