Аягөз филиалындағы зерттеу жұмысы: еңбек ардагерін еске алу
29 сәуір 2026 жылы Аягөз филиалының оқу залында шежіретану, тарих және өлкетану салаларымен көп жылдан бері айналысып келе жатқан зерттеуші Даурен Аяшинов болды. Оның еңбегі ата-тек шежіресін зерделеуге, тарихи жадыны сақтауға және архив құжаттарын зерттеуге бағытталған.
Оқу залында зерттеушіге қысқаша анықтамалықтың баспа нұсқасы және QR-коды бар электрондық нұсқасы арқылы қажетті материалдар ұсынылып, табысталды. Бұл қосымша ақпаратқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қонақ көрсетілген қызмет сапасына, заманауи мүмкіндіктерге ризашылығын білдіріп, сондай-ақ оқу залындағы тыныш пен жайлы жұмыс атмосферасы үшін алғысын жеткізді.
Аягөз филиалы келушілер мен зерттеушілерге қолайлы жағдай жасап, архив саласында заманауи қызмет түрлерін дамыту жұмыстарын жалғастыруда.