Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дәріс

24 сәуір 2026 жылы Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-де   «Alikhan Bokeikhan university» ББМ  төртінші курс студенттеріне дәріс сабақ өткізілді.

image-1371-2266.peg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысы міндетін атқарушы А.К. Дюсембаева «Бірлігі жарасқан елміз!» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттерге елімізде 1996 жылдан бері атап өтілетін алдағы ұлттық мереке - Қазақстан халқының бірлігі күні туралы мәліметтер берілді. Бұл мереке- Қазақстан сияқты көпұлтты елде бейбіт өмір сүру үшін өте маңызды достық, түсіністік және келісім мерекесі екені түсіндірілді.

image-1371-2267.jpg

Қонақтардың назарына сонымен қатар  «1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» көрмесі ұсынылды, онда өткен жылдар естелігі ретінде сақталған 1-мамырда қаламызда өткен мәдени іс-шаралар мен демонстрациялардан фотосуреттер қойылды.

image-1371-2268.jpg