Заң мен тәртіп

Қауіпсіз Қазақстан үшін!

Ағымдағы жылдың  22  сәуірінде Семей қаласы, Шәкәрім университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс  құқықтық реттеу мен озық тәжірибелер» тақырыбында өткен семинарға Абай облысының мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен заңгер (комплаенс-офицер) Маметекова-Кузеванова Адем-ау Асановна қатысты.

image-1369-2259.peg

«Заң мен тәртіп» аясында мемлекеттік қызметкерлердің Сыбайлас жемқорлыққа не итермелейтіні және заң бұзылып осы қылмыстық әрекетке барған жағдайларда кімге хабарласу керек деген мазмұнда анкетаға  жауап берілді.

image-1369-2261.peg

Жалпы бұл семинарда кез келген тұлғаның дроппер болып кетуі,  яғни ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға аударып қылмыскерлердің жауакершіліктен құтылуына көмектесетін  адамға айналуы жайлы, жасанды интеллект технологиясын қолданып қылмыскерлер адамдарды алаяқтық әрекеттерге қалай итермелейтіні жайлы түсіндірмелер айтылды. Сонымен қатар қылмыскерлер жасанды интеллект технологияларын кибералаяқтықта  ақша мен деректерді қалай ұрлайтындығы және алаяқтардың қылмыстық схемаларды автоматтандырғаны жайлы айтылды. Әлеуметтік желілерде Дипфейк – адамдардың түр-келбетін, дауысын немесе мимикасын алмастыратын шынайы жалған фотосуреттерді, бейнелерді және аудиодауыс жасап жалған аккауттарды пайдаланып өздерін  танымал тұлғалар ретінде көрсетіп жарнамалар жасау туралы айтылды.

image-1369-2262.peg

Комплаенс-офицерлердің қандай жұмыс атқару керектігі жайлы сөз болды. Мекемелердегі компланес-офицерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп, басшылыққа ұсынады.

Осы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында өткен оқыту семинарына қатысқанын растайтын компланес-офицерлерге сертификат табысталды.

image-1369-2260.peg