«Ұлы Жеңіс — ел мен ертеңнің тарихы» атты фотоқұжаттық көрме

Архив сөрелерінде сақталған әрбір құжат — тарихтың тірі дауысы. Жарма филиалында Жеңістің 81 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс — ел мен ертеңнің тарихы» атты фотоқұжаттық көрме рәсімделді.

​Бұл экспозиция арқылы біз:

 Сұрапыл соғыс жылдарындағы майдангерлеріміздің қаһармандығын;

 Архив қорындағы бірегей фотосуреттер мен марапат қағаздарын;

 Бейбіт күн үшін күрескен ата-бабаларымыздың өшпес ерлігін көрсетеміз.

Көрмеде жерлес ардагерлеріміздің жеке тектік құжаттары мен майданнан жазған хаттарының көшірмелері орын алған. Әрбір жәдігер — өткен күннің аманаты.

Біздің міндетіміз — тарихты ұлықтау және оны болашақ ұрпаққа қаз-қалпында  жеткізу.