«Архив қорларындағы  Ә. Бөкейханов   жөніндегі құжаттар» атты дәріс

17 сәуір 2026 жылы  Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив архив ісі басқармасының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де "Alikhan Bokeikhan university" тарих факультетінің төртінші курс студенттеріне дәріс өткізілді .

image-1367-2252.jpg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. К. Дюсембаева «Архив қорларындағы  Ә. Бөкейханов   жөніндегі құжаттар» тақырыбында толық мәлімет беріп, студенттерге Ә. Бөкейхановтың Семей қаласынан Омбы қаласына кетуге 1919 жылы жазылған өтініш-хатын, "Алаш-Орда" төрағасы А. Бөкейханов қол қойған Семей қаласында милиция жасағының құрамын қалыптастыру туралы құжаттарын,  «Восточная Алашорда» және «Алаштың алыптары» жинақтарын көрсетті.

image-1367-2253.jpg

Студенттер назарына Алаш партиясының көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейхановтың құжаттары мен фотосуреттері іріктеліп алынған «Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл» фотоқұжаттық көрмесі ұсынылды.

image-1367-2254.jpg