"Senat open III" шахмат турнирі
2026 жылғы 8 сәуірде Семейде "Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" ММ ведомстволық бағынысты ұйымдарының 38 қызметкерлері арасында шахматтан "Senat open III" турнирінің 1/8 финалдық жарысы өтті.
Бұл корпоративтік және бұқаралық шахмат спортын дамыту шеңберінде Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен өткізілген республикалық жарыс. Іс-шара Қазақстан Республикасының барлық облыстарында өткізілетін ауқымды ашық турнир болып табылады.
Турнирдің мақсаты шахматты зияткерлік даму құралы ретінде насихаттау, қатысушылардың спорттық даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ тамыз айында Астана қаласында өтетін 2026 жылғы Сенат Кубогының III финалына қатысу үшін мықты спортшыларды іріктеу болып табылады.
Турнирге "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-нің атынан әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің архившісі Оралғайып Әли Оралғайыұлы қатысып, 4-ші орынды иеленді.