Аягөз филиалының архившісі «Менің өмір жолым» айдарында
Абай облыстық мәдениет және спорт қызметкерлерінің кәсіподағының ресми Facebook парақшасында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалы архившісі Ахмешов Алтай Бекболатұлы туралы «Менің өмір жолым» айдары аясында мақала жарияланды.
Мақалада Алтай Бекболатұлының архив саласындағы көпжылдық еңбегі, кәсіби тәжірибесі мен архив ісін дамытуға қосқан үлесі кеңінен баяндалған.
Кәсіби біліктілігі мен еңбекқорлығының арқасында әріптестері арасында құрметке ие болып, архив ісінің дамуына белсенді атсалысып келеді. Әріптесіміздің осы жарияланыммен құттықтай отырып, алдағы уақытта да еңбегіне табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!