8 наурыз мерекесіне орай Аягөз филиалы архившісі марапатталды.

2026 жылдың 6 наурыз күні Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйіне 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-өмірдің әсем әуені» атты салтанатты іс-шара өтті.

image-1359-2234.peg

Мерекелік жиында ауданның түрі салаларында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, олардың қоғам дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Әр салада қызметімен көзге түскен, еңбегімен ерекшеленген аяулы жандар марапатталды.

Аталған іс-шара барысында Аягөз ауданының әкімінің міндетін атқарушы А.С.Нұгымаров ауданның еңбекқор азаматшаларын құттықтап, олардың адал еңбегіне алғыс білдіріп, жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі. Мәдениет үйінің өнерпаздары жырдан шашу шашып,әнімен әрлепі биімен сәндеді. 

image-1359-2232.peg

Салтанатты шарада Аягөз филиалының архившісі Сатимбекова Жадыра Базарқызы өз ісіне деген жауапкершілігі мен Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосқаны үшін арнайы Аягөз ауданының әкімінің міндетін атқарушы А.С.Нұгымаровтан алғыс хатқа ие болды.

image-1359-2233.peg

Бұл марапат – архив ісіне сіңірілген еңбектің, кәсіби шеберлік пен жауапкешіліктің айқын көрінісі.

Аягөз филиалының ұжымы әріптесіміздің шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар, шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестер тілейді.