Аягөз филиалы қызметкерінің еңбегі жоғары бағаланды
05.03.2026 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалы архившісі Чуенбекова Қарлыгаш Қадырғажықызы мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, архив ісіндегі көпжылдық жемісті еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Мәдениет саласындағы кәсіподақ үздігі» төсбелігісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – мәдениетпен рухани мұраны сақтау жолындағы табысты еңбек етіп жүрген сала мамандарына көрсетілген үлкен құрмет пен сенімнің белгісі. Архив ісі – ел тарихын, ұлттық құндылықтарды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізетін маңызды сала. Осы бағытта архив қызметкерлерінің еңбегі ерекше маңызға ие.
Қарлығаш Қадырғажықызы архив саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келеді. Кәсіби біліктілігі мен еңбекқорлығының арқасында әріптестері арасында құрметке ие болып, архив ісінің дамуына белсенді атсалысып келеді.
Әріптесіміздің осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс, мықты денсаулық және жетістіктер тілейміз.