Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 Балалар музыкалық мектебі» КМҚК

Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 Балалар музыкалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныМекенжайы: 070019, Өскемен қаласы,  Қабанбай батыр көшесі, 111,
тел.(факс) 24-04-47, 26-90-85, 26-90-56, 29-90-29, myzschool@inbox.ru;


Басшы: Щеглова Елена Викторовна;


Салынған және пайдалануға берілген жылы: 1970 жыл.
Жер телімінің көлемі: 0,6 Га;
Барлық жайларының жалпы ауданы: 2 773 м2;
Барлық жайлардың жұмыс ауданы: 1 420,9 м2;
Ғимараттың көлемі: 12 531 м3;
Жобалық қуаты: 600 оқушы;
01.09.2015 жылғы оқушылар саны – 863 оқушы;
Педагог қызметкерлердің  саны:  56 оқытушы;
Қызмет көрсету түрі: қосымша музыкалы-эстетикалық  білім беру.
«№1 Балалар музыкалық мектебі» КМҚК 1943 жылы (ШҚО  өнер бөлімінің 17.12.42 ж. №57 бұйрығы) БММ және ересектерге арналған музыкалық курстар ретінде құрылды.
Өзінің қызметінде мектепке әр түрлі дәрежелер берілді.

29.04.1975 ж. № 201-Р облисполкомның шешімімен мектепке Облыстық БММ және облыстағы барлық музыка мектептерінің әдістемелік орталығы деген дәреже берілді.
05.07.1996 ж. №1-83-р «Облыста білім беру жүйесінің тұрақтылығы және дамуы бағдаламасы» бойынша облыс әкімінің шешімімен қалалық бюджетке ауыстырылып, Өскемен қаласы әкімінің 07.01.1997 ж. №1-1470-р шешімімен мектепке қалалық «№1 Балалар музыкалық мектебі» деген дәреже берілді.
Өскемен қаласы әкімінің №7307  05.03.1999 ж. шешімімен мектеп «№1 Балалар музыкалық мектебі» КМҚК болып құрылды.  
Қазіргі уақытта «№1 Балалар музыкалық мектебі» КМҚК Өскемен қалалық әкімшілігінің қарамағында, ал басқару органы - Өскемен қаласының қалалық білім беру бөлімі.
Мектеп Қабанбай батыр көшесі,111 мекен-жайында орналасқан, қабат саны - 3 және жертөлесі бар, жер телімінің көлемі 0,6 Га.
Ғимараттың жобалық қуаты жеке оқыту сабақтарына арналған 600 оқушыға есептелген. Топтық оқыту жүйесінің ұлғаюына байланысты (вокалды-хорлы ұжымдар, скрипкашылар ансамблі, домбырашылар, қобызшылар, хореография және бейнелеу өнері  ) қазір уақытта мектепте 863 оқушы білім алуда: 677 оқушы бюджетте және 186 оқушы – бюджетен тыс. Мектепте көпбалалы отбасынан - 19 оқушы, жетім балалардан – 5 оқушы білім алады.   

Мектепте 37 оқу сыныптар: 250 отыру орындары бар үлкен қойлымдық зал, хореографияға және вокалды-хорға арналған кіші зал, 25154 дана қорымен кітапхана бар.
Мектепте музыкалық теория пәндерінің сабақтарын өткізу үшін интерактивті кабинет бар.
№1 БММ мамандықтары:фортепиано, скрипка, виолончель, флейта, кларнет, саксофон, труба, баян, аккордеон, гитара, домра, домбыра, қобыз, вокал (эстрадалық, академиялық), хореография.
Музыка мектебі 2 кезеңде жұмыс істейді.  
Балалар музыкалық мектебі бастапқы кәсіптік музыкалық білім берудің негізі болып табылады. Мектепте балалардың өнері шыңдалып, өте дарында балалар келешекте өнер және мәдениет саласында мамандығын таңдайды.

Мектепте 66 оқытушы жұмыс атқарады, 56 оқытушы – штат ішінде, ал 10 оқытушы – қосымша ретінде. Ұжым негізінен тұрақты. Мұғалімдердің 78% жоғары кәсіптік білімдері бар, 22% – орта арнайы (музыкалық) білім.  Қызметкерлердің 71% жоғары және бірінші санатты, 17% - екінші санатты.
Музыкалық мектепке дейінгі 5 және 6 жастағы балалармен №1 БММ дайындау бөлімі жұмыс жасайды. Мектепте11-16 жастағы балаларға арналған бастапқы кәсіптік музыкалық білім беретін ЖМБМ (жалпы музыкалық білім мектебі) бар. Жас жеткіншектердің музыкалық қажеттілігін, қызығушылығын арттыратын әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін курстар жұмыс атқаруда.   
Тілдерді дамыту және олармен жұмыс жасау Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары  негізінде мектепте қазақ және орыс тілдерінде оқыту сабақтары жүргізіледі.
Әр түрлі деңгейдегі музыкалық байқаулардың лауреаттары атанған оқушылардың тұрақты жоғары көрсеткіштері  - мектеп жұмысының нәтижесі.
2014-2015 оқу жылында мектептің меншікті қаражаты есебінен шатырдың оң жақ бөлігіне біраз жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Парақтар өзгертілді: 18-01-2016