Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Исток» жекеменшік жалпы орта білім беретін мектеп

Төлқұжаты

Мекен-жайы:

Мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 111/1, тел: 26-24-90.

Жетекшісі: Патилеева  Ирина  Вениаминовна.

Салынған  жылы: 1961 ж.
Жалпы  ғимараттар  ауқымы : 1920 м2
Жұмыс  алаңы : 1414 м2

Ғимарат  көлемі : 6720 м3
Жоба күші : 165
МШО жоба күші:120

Сыныптар саны : 11
2015 жылы 01.09. оқушылар саны: 146
МШО тәрбиеленушілері: 101
Педагог қызметкерлер саны: 26 (жалпы жұмысшылар саны-60)

Қызмет түрі :білім беру ( мектепке дейінгі шағын орталық,орта мектеп).

Мектеп  туралы  ақпарат
«Исток» жекеменшік мектеп- мектепке дейінгі шағын орталық 1996 жылы қыркүйек айында құрылды.Орта жалпы  білім беретін (толық) және ағылшын тілін тереңдетіп  оқытатын, кәсіпкерлік негіздері  мен  компьютерлік оқытудың элитарлық мекемесі.

Педагогикалық  ұжымы
Мектептің жалпы жұмысшылар  саны – 60 адам.
26-мұғалім. Ғылыми дәрежесі бар -1 ( магистрі). 12мұғалім –жоғары  санаттағы ұстаздар,6 мұғалім – 1-ші санатты(70%).3 мұғалім – Қазақстан Республикасының білім беру үздік ұстаздары.

Жұмыс  ТӘРТІБІ
Толық жұмыс күні: мектепке дейінгі балалар үшін – сағат 7.30 – дан 18.30-ға дейін,оқушылар үшін – сағат 8.30 – ден 17.00 –ге дейін.Мектепке дейінгі топтар (төрт жастан бастап мектепке дейінгі  дайындық сыныптар ) балабақша күн тәртібінде жұмыс істейді. Мектеп үшін: күннің  бірінші  жартысы – сабақ оқыту жұмысы жүреді, күннің  екінші  жартысы – балалар  үшін дамыту сабақтары («Ән театры»,«Бейнелеу өнер студиясы», спорт ойындары , хореография),үй тапсырмаларын орындау, пән мұғалімдердің  оқушылармен  жеке дара жұмыстары өтеді.

 

«Исток» мектебінің білім беру ерекшеліктері
1.Әрбір оқушының жеке психолого-педагогикалық құжатының бары.Мақсаты : оқушының пәндер бойынша деңгейлік мониторингі, жеке психологиялық ерекшілектерін анықтау. 2. Әрбір оқушының жеке білім алу бағыт парақтары бар. Мақсаты – оқушылардың жеке пәндер бойынша  терең білім алу  немесе  біліміндерін толықтыру жоспары. 3. Ағылшын тілін тереңдетіп  оқыту (аптасына 6-8 сағат).Мектепке дейінгі жастан бастап ағылшын тілін оқыту. Профильді гуманитарлық бағытта білім беру (лингвистикалық сала 8-11 сыныптар) . Қосымша курстар : аудару ісі , іскери ағылшын тілі, ауызша және жазбаша ағылшын тілініңі практикалық  курсы , мультимедиялық технологиялар, компьютерлік графика және дизайн.

Мектептің  бәсекелестік  артықшылығы
1.Сыныптағы  бала санының аздығы (15 оқушыға дейін)
2.Жұмыс тәртібі - толық жұмыс күні.
3.Берілген үй тапсырмаларын мектепте орындау.
4.Үш уақыт тамақтану: тәңертеңгілік ас, түскі ас, түстен кейінгі ас.
5.Жекеменшік мектептің ерекшілігі: әрбір оқушымен тікелей жұмыс жасау (жеке дара оқыту).

Мектептің  салт-дәстүрлері
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты екі жоспар жолымен жүргізіледі: 1. «Азаматтық» 2. «Шығармашылық». «Азаматтылық» жоспары бойынша мектепте «Исток» Демократиялық республикасы жұмыс істейді. Парламент пен Президент сайлауы өтеді. Оқушылар өзін өзі басқару жұмысы министр мен парламентке негізделеді. Оқушылар  «Исток» газетін шығарады. «Жанашырлық», «Кітап», «Менің мектебімнің ауласы»,  «Тірі табиғат», «Ең тартымды ,сүйкімді сынып»,  «Жыл оқушысы» акциялары мектепте дәстүрге айналды.
Күзгі және көктемгі табиғатқа саяхат.
«Шығармашылық» бағдарламасының жұмысын іске асыруда , Дамыту орталығы  ықпалын тигізіп отыр: көркем сурет студиясы, ән театры, би студиясы, қолөнер шеберханасы.

Халықаралық , облыстық және қалалық сайыстар мен олимпиадаларға  қатысуы
Жыл сайын мектеп қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардан жүлделі орындарға ие болады:
2013-2014оқу жылы-55 оқушы,
2014-2015 оқу жылы-97 оқушы, оның ішінде 18 оқушы 1 орын.

Біздің  түлектеріміз:
Жалпы түлектер саны – 180.
Жоғары оқу орындарға түсіп оқығандар – 100% (Қазақстан, ТМД елдерінде, АҚШ, Англия, Египет, Чехия, Қытай).
Ақырғы 3 жылда 37 түлектен 14 адам Мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарға түсті. «Болашақ» бағдарламасы бойынша мектептің екі түлегі оқып жүр. Екі оқушы  мектепті « Алтын белгі» атағымен бітірді.

 

Парақтар өзгертілді: 25-12-2015