Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

11-сынып түлектерін ҚА және ҰБТ-ға дайындау

2022 жылдың 02 қарашасында Өскемен қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицей» КММ базасында екінші күн «Кіші Академия» сабақтары өтті.
Іс-шараның мақсаты: бітірушілерді қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау.
Балалар таңдау пәндерінен дайындыққа қатысты.
Сабақта пәндер бойынша жаңа ҰБТ тест тапсырмаларының спецификациялары, мектеп бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын шешудің тиімді жолдары қарастырылды.
Сабақтар тиімді және нәтижелі болды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.