Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары» қалалық іс - шара

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша «М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі»  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында  «Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары» атты Абай оқуларына арналған қалалық іс - шара ұйымдастырды.

Барлығы 7 аталымнан тұратын сайысқа қала мектептерінен 116 оқушы қатысып, өнерлерін паш етті. Қала мектептері бойынша құрылған әділқазылар алқасы оқушыларды мұқият тыңдап, әділ бағаларын берді.

Іс-шара онлайн форматта болса да, өте жоғары деңгейде өтті.