Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын арналған 9-10 сынып оқушылары арасында «Тұңғыш Президенттің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан тарихи үлесі» атты қалалық Президенттік оқулары конкурсы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім  атындағы №1 орта мектебі» КММ-де 2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын арналған 9-10 сынып оқушылары арасында «Тұңғыш Президенттің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан тарихи үлесі» атты қалалық Президенттік оқулары байқауы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты Отанының патриоты болуға тәрбиелеуде сүйіспеншілік пен адалдық негізінде қазақстандық халыққа, мәдениетке, төзімділік дәстүрі мен қарым-қатынасын, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, тынбай білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу. Ережеге сәйкес, бұл байқауға қала мектептерінің  22- і өтінім беріп, қатысты. Байқауға қатысушылар өз жобалары мен шығармашылық жұмыстарын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет шежіресінен материалдарын қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде иегері - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ оқушысы Досанқызы Балжан;

 «Үздік зерттеуші» номинациясы –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «О.Бөкей атындағы №44 лицей» КММ оқушысы Набиолда Дильназ;

«Үздік зерттеуші» номинациясы –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Төлегенова Ерке,

«Ғылыми ойлау» номинациясы –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектеп» КММ оқушысы Рязанцева Яна,

«Ғылыми ойлау» номинациясы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Барканов Никита;

«Кретивті көзқарас» номинациясы – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «З.Ахметов атындағы №16 орта мектеп» КММ оқушысы Дүнсебаева Сабина;

«Кретивті көзқарас» номинациясы –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№32 орта мектеп» КММ оқушысы Рафисова Камила:

«Шығармашылық көзқарас» номинациясы –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «No6 орта мектеп» КММ оқушысы Төлеухан Эльвира;

«Креативті тәсіл» номинациясы –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназия» КММ оқушысы Тұрсынбаева Дильназ;

«Шешендік өнер» номинациясы –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№32 орта мектеп» КММ оқушысы Нұрмұхамедова Амина.