Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Білім олқылықтарының орнын толықтырудың жүйелі жүргізілуі -  жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша  білім бөлімі «№15орта мектебінде» 24 қараша 2021жылы «Білім олқылықтарының орнын толықтырудың жүйелі жүргізілуі -  жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу» тақырыбында қазақ мектептері үшін қалалық семинар өтті.

Семинар барысында  қазақ тілі мен әдебиет комиссиясының басшысы Д.Т. Мырзабиева  әдістемелік комиссия құрамы және өткізілген іс-шаралар туралы толық ақпарат берді

Қазақ сыныптарында жұмыс атқаратын Б.А.Курмекешева, З.С.Солтанбаева, И.К. Жанузакова  семинарда өздері сабақ беретін сыныптарда  олқылықтың орнын толықтырудың жоспарларымен таныстырды. Осы аталған мұғалімдердің жоспарларында жүйелілік байқалды.Мұғалімдер нақты осы жоспарларды құруда әдістемелік нұсқау хатқа және оқу бағдарламаларына сүйену керектігін ескертті.              

Жалпы биылғы оқу мақсаттарына өткен жылғы оқу мақсаттар сәйкес кіріктіріліп, сол мақсатты жүзеге асыруға байланысты құрылған  тапсырмалар мен сабақтардан үзінділер көрсетілді.

Семинар соңында қала мұғалімдері кері байланыс жасап, семинардың тиімділігін атап өтті.