Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Тәуелсіздіктің жетістіктері" тақырыбында ашық сабақтар мен сынып сағаттары

14 қыркүйекте ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ "Лев Гумилев атындағы №38 гимназия" КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің жетістіктері" тақырыбында ашық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді.

Ашық сабақтар барысында балалар еліміздің 30 жылдағы жетістіктері туралы шағын жобаларымен сөз сөйлеп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы айтты.

Негізгі Заң Конституцияны және оның қазіргі мемлекеттегі маңыздылығын еске түсірді. Викторина сұрақтарына, Отан тарихын білуге арналған брейн-ринг ойынының ашық сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді.

Сабақ соңында балалар мемлекетімізге ізгі тілектерін жазды.