Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді

2021 жылғы 14 қыркүйекте "Мұхамет Шаяхметов атындағы 23 орта мектебі" КММ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде мерекелік іс-шаралар өткізіліп, 1-11сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында ашық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы қазақстандық патриотизмді күшейту.

Аталған іс-шаралар 30 jyl.kz сайтында орналастырылған Қазақстан Республикасының жаңа тарихына арналған онлайн тестті шешумен жалғасты. Әрбір қатысқан оқушы тестен өту қорытындысы бойынша өзінің дербес онлайн-сертификатын алды.