Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Тәуелсіздік жетістіктері

Қазақстан республикасының  тәуелсіздігінің  30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Ахмер орта мектебінде 1-11-сыныптарда  «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында пәндік ашық сабақтар, сынып сағаттары өткізілді. Ашық сабақтар кезінде оқушылар Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі нәтижелері мен болашағы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы білімдерін толықтырды.