Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Серебрянск қаласына экскурсия

11 қыркүйекте жас геологтар мен туристерден тұратын «Жас техниктер станциясының» оқушылар тобы Серебрянск қаласына барды.

Экскурсия туған Жерге деген патриоттық сүйіспеншілікті дамыту, өлкетану білімінің деңгейін арттыру және ауданның геологиялық құрылымын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылды.

20 оқушыдан құралған топ Бұқтырма СЭС-ін, жаңартылған қалалық жағажайды, ҰОС-та қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткішті, орталық алаң мен балалар саябағын аралады.

Экскурсия балаларға өте ұнады, олар қаланың көгалдандырылуын, балалар саябағындағы субұрқақты, қала орталығындағы жеміс екпелерін, жолдар мен тротуарлардың жақсы жай-күйін, сондай-ақ қаланың тазалығын атап өтті.