Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы педагог қызметкерлерінің «Білімді ұлт  - тұрақты дамудың кепілі» атты  тамыз конференциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында Өскеменде   онлайн форматта «Білімді ұлт - тұрақты дамудың кепілі»  атты қалалық тамыз педагогикалық конференциясы өтті, оның барысында өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, болашаққа жаңа мақсаттар қойылды.

Конференция жұмысына қала әкімі Ж.Омар қатысты. Педагогикалық конференцияға «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының директоры К.Раисова, мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, ата-аналар қоғамының өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

Қала әкімі Ж.Омар өз сөзінде қаланың білім беру жүйесін дамытуға: мектептерді, балабақшаларды салу мен жаңғыртуға, компьютерлік техникамен, бейнебақылаумен қамтамасыз етуге назар аударды. Қаладағы білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі - балалардың қауіпсіздігі. Қаланың барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген.

Білім беру бөлімінің басшысы  С.Алагузова  конференцияға қатысушыларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін енгізу, «Әліппе» және «Букварь» оқулықтарын мектеп бағдарламасына қайта енгізу туралы жаңалықтармен таныстырды.

Пленарлық отырыс соңында білім беру ұйымдарының басшыларын, педагогтарды, педагогикалық еңбек ардагерлерін отандық білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Білім және ғылым министрлігінің, қала әкімінің мадақтамаларымен және алғыс хаттарымен марапаттау өтті.