Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Оқуға арналған үзіліс»

«Кітап оқитын мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласындағы №8 орта мектепте балаларды кітап оқуға баулу бойынша акциялар мен іс-шаралар өткізілуде. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектеп дәлізінде «Оқуға арналған үзіліс» атты бұрыш ұйымдастырылды. Бұл жерде балалар жаңа балалар әдебиетімен танысып, үзінділерді дауыстап оқиды және бір біріне ұнаған кітаптарды оқуға ұсынады.