Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

3 тоқсанда білім беру үдерісін ұйымдастыру

Білім бөлімінде онлайн режимінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысуымен  "3 тоқсанда білім беру үдерісін ұйымдастыру" тақырыбында кеңес  өткізілді. Іс-шара  модераторы білім бөлімінің ҚӘК басшысы А.Нурпеисова  ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 548 бұйрығына тоқталды. Айбарша Зейноллановна  3 тоқсанда оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын, 1-ден 5-ке дейінгі кезекші сыныптарда,  9, 11 сыныптарда аралас форматта бөлім және тоқсан үшін жиынтық жұмыстарды қалай жүргізетіндерін айтып берді. Қала мектептерінің ғылыми - әдістемелік жұмысы бойынша нормативтік-құқықтық актілер туралы ҚӘК әдіскері Л.Сапарова айтып берді. ҰБДҚ электрондық базаларын және "Kundelik" электрондық журналын толтыру бойынша кеңеске қатысушылардың назарын білім бөлімінің әдіскері Н. Капчикова аударды. Сындарлы пікір алмасу болды. ҚӘК  басшысы А.Нурпеисова  кеңесті қорытындылап, ұсыныстар берді.