Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың ғылыми жұмысын жазу мен рәсімдеу бойынша ұсыныстар» атты қалалық семинар

2021 жылы 20  қаңтар күні «Өркениет» қалалық дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру шығармашылық тобы «Оқушылардың ғылыми жұмысын жазу мен рәсімдеу бойынша ұсыныстар» атты ауқымды вебинар өткізді.

Ұйымдастырылған вебинардың мақсаты оқушылар ғылыми-зерттеу жұмысын, мұғалімдер авторлық әзірленімді құрасытыруда талапқа сай жазу, дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыру.

«Дарынды балалармен жұмыс жасау формалары» атты тақырыппен, спикерлер:  М.Ж.Бурамбаева «№ 12 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және Қ.С.Усанова «№ 22 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі, магистр, ал «Ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбымен, спикер: Б.А. Сулейменова «№ 1 Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі сөз сөйледі.

         «Ғылыми зерттеу жұмысының жүргізілу тәртібі» атты тақырыппен, спикерлер:  Касенова М.Т. «№ 20 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, және Кабдоллаева А. И.«№ 13 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, магистрлер сөз алды.  

«Авторлық әзірленімнің құрылымы мен мазмұны» тақырыбыме спикерлер: А.А. Беркутова «№ 10»мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және Л.К.Сыдыкова «№ 5 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, магистрлер таныстырып өтті.

Вебинар соңында, мұғалімдердің сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі жұмыс бойынша кері байланыс алу мақсатында, мұғалімдерге  Googl disk арқылы бірнеше сұраққа жауап беру ұсынылды.

Вебинар өте жоғары деңгейде өтті.