Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жас маман-жас талап» атты ашық диологтік алаң

Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, 13.01.2021 жылы «Жас маман-жас талап» атты ашық диологтік алаң өткізілді.

Вебинарға барлық қала мектептері жас ұстаздары қатысып, өздеріне қажетті мәліметтер мен әдіс-тәсілдер туралы мағлұмат алды.

Вебинарда  шығармашылық топ жетекшілері жас мамандармен тәжірибе алмасты. Жас мамандар таңдап алған өзекті тақырыптары бойынша топтық жұмыстарын қорғады. Тәлімгерлер сабақта пайдаланылатын стратегияларымен бөлісті.

Жоспарға сәйкес жас мамандармен жұмыс түрлері әлі де жалғасын табады. Алдағы уақытта жас мамандарды жан-жақты танып, біліктіліктерін шыңдау үшін жас мамандар арасында  сайыс өткізу жоспарымызда бар.

Вебинар жоғары дәрежеде өтті.