Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жас мұғалімдер мектебі

2021 жылдың 13 қаңтарында Өскемен қаласының білім беру бөлімінің қалалық әдістемелік кабинеті «Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабағын заманауи жоспарлаудың маңызды аспектілері» тақырыбында ЖММ вебинарын өткізді. Оған 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас математика мұғалімдері қатысты. Вебинардың мақсаты: қазіргі сабақты жоспарлау бойынша жас математика мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру.

ҚӘК меңгерушісі А.З.Нурпеисова семинарға қатысушыларды сабақты жобалаудың негізгі аспектілерімен, сабақтың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін оқытудың дұрыс нысандары мен әдістерін таңдаудың маңыздылығымен таныстырды. Мектеп директорының орынбасарлары Е.В. Веричева (№ 4 ОМ), К.К.Темиржанова (№ 16 ОМ) қазіргі сабақтың негізгі кезеңдеріне, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін қалай дұрыс қою керектігіне тоқталды.

№ 16 орта мектебінің математика пәні мұғалімдері Р.М.Акимбаева,  С.А.Бикенова № 4 орта мектебінің математика пәні мұғалімдері  Н.В.Морланг,  О.П.Лановенко, Р.П.Костоняц жұмыс тәжірибелерінде Google Meet, Onlein-Mektep, Zoom білім беру платформаларын қалай қолданатындарын айтып берді.

Microsoft PowerPoint бейне сабақтар мен іс-шараларды құру, жазу, өңдеу үшін, мүмкіндіктерді қалай пайдалану керектігін мысалмен көрсетті.

Әрбір қатысушы көптеген пайдалы ақпарат алды, аға әріптестер ұсынған практикалық тапсырмаларды қуана орындады және алған жұмыстарын өздерімен бірге алып кетуге мүмкіндік алды.

Жас мұғалімдер өз алғыстарын білдіріп, алған практикалық тәжірибе оларға оқытылатын пәннің сапасын арттыруға көмектесетінін атап өтті.