Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Күнделікті сабаққа алынатын тапсырмалар көлемінің маңыздылығы»  тақырыбында қалалық вебинар

2020 жылғы 25 қарашада Өскемен қаласының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ZOOM платформасында №№6 орта мектебінде  «Күнделікті сабаққа алынатын тапсырмалар көлемінің маңыздылығы»  тақырыбында қалалық вебинар өтті. Вебинарда қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері А.С.Уликбекова, Г.С.Ихсанова, Д.К.Нургалиева қала мектептеріндегі әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдердің алдында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Скакова Зульфира Сатыбалдиновна сөз сөйледі. Зульфира Сатыбалдиновна қашықтықтан оқыту кезінде пән бойынша тапсырмаларды мөлшермен беру қажеттігі туралы айтты. Вебинарға 43 мұғалімдер қатысты, олар онлайн кездесуді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп және жұмыстарына сәттілік тіледі.