Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жас педагог - психологтарға көмек

Мектеп педагогтарының оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу жөніндегі міндеттері: әдістерді таңдау,  диагностика жүргізу, оқушыларға жеке ерекшеліктеріне, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес оқу бейінін таңдауда көмек көрсету  болып саналады.

2020 жылғы 11 қарашада Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік қызметі «Оқу - өндірістік комбинаты» КММ-мен бірлесіп, жас педагог-психологтар үшін «Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда АКТ-ны пайдалану» атты қалалық вебинар өткізді.

Мақсаты: жас мамандарға қашықтықтан оқыту жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану диагностикасы мен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда әдіс - тәсілдерді таныстыру. Вебинар барысында ақпараттық материалдар, онлайн диагностиканы жүргізу нысандары мен тәсілдері ұсынылды.

Семинар жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар жағымды пікірлер қалдырды.