Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Өзекті тақырыпты дұрыс таңдап алу және онымен жұмыс істеудің өзіндік үрдісі» атты тақырыпта теориялық семинар

4 қараша 2020 жылы  қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері Скакова Зульфира Сатыбалдиновна қазақ тіліне басшылық жасайтын білім беру ұйымдарының  оқу ісінің меңгерушілерімен «Өзекті тақырыпты дұрыс таңдап алу және онымен жұмыс істеудің өзіндік үрдісі» атты тақырыпта теориялық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: өзекті тақырыппен жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігі, оны таңдап алуда кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары.  

З.С.Скакова семинар барысында қаланың өзекті тақырыбына нақты тоқтала отырып, 21 ғасырдың негізгі дағдылары «4К» дағдысын жан - жақты ашып берді.

ТЭЖ-тың негізгі кезеңдерінің мақсаты мен міндеттерін көрсете отырып, болашақта қалай жұмыс істеу керектігіне басымдылық жасады.

Мұғалім өзінің өзекті тақырыпты қалай таңдап алу керектігін мысалмен аша отырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар жоғары дәрежеде өтті.