Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ЖҒБ  пәндердің әдістемелік  бірлестігінің басшыларына арналған семинар

Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «ӘК қызметінің басым бағыттары - педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру құралы ретінде» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндердің ӘК жетекшілері қатысты. Қашықтықтан оқыту семинарының мақсаты: электронды оқыту мен қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша қала мектептерінің ӘК жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Білім беру бөлімінің әдіскері Н.Т.Капчикова алғы сөз сөйлеп, семинардың бағдарламасымен таныстырды. ӘК жетекшілерінің аналитикалық қызметі туралы А.Муртазалиева («№ 43 Қ. Нұрғалиев атындағы мл) айтса, Г.Самойлова (№ 42 ом) жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, «Пәндік әдістемелік комиссия қызметінің негізгі бағыттары мен жұмыс мазмұнына» тоқталды. А.Тугельбаева (№ 46 ом) «Педагогтардың кәсіби өсуінің диагностикасы және әдістемелік жүйенің даму болашағы» туралы, ал «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырудағы әдістемелік бірлестігінің рөлі» туралы Г.Дикова (№ 15 ом) баяндап берді. Семинарға қатысушылар пәндік әдістемелік комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.