Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қалалық білім беру бөлімінің кеңесі өтті

2020 жылдың 30 қазанында жұмыс жоспарына сәйкес білім беру бөлімінде онлайн-режимде қалалық білім бөлімінің кеңесі өтті. Кеңеске Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері Л.Сапарова қаланың білім беру ұйымдарында «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Заңының орындалу барысы туралы айтып берді.

Қаланың білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының орындалу мәселесімен әкімшілік сектор басшысының м.а. Э. Тлеуханова сөз сөйледі.

Қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Джампейсов «Білім беру ұйымдарының жарақаттанудың алдын алуға және өртке қарсы қауіпсіздік бұзушылықтарын жоюға бағытталған басқару қызметі туралы» айтып берді.

Кеңес барысында талқыланған мәселелер бойынша нормативтік – құқықтық құжаттар қаралып, түсіндірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.