Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдау
«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелерін және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес 2018 жылғы 02 сәуірдегі № 123 толықтырулар мен өгертулер енгізілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 тіркелген) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 4 орта мектебі» КММ, «№ 39 орта мектебі», «О. Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ, «№ 48 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ, «№ 49 жалпы білім беретін мектебі», «Ахмер орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдауды жариялайды.
Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1) Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) Жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері;
3) Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) Ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) Қайырымдылық көрсетуші (бар болса).
Қамқоршылық кеңестің құрамына "білім туралы"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 мамырдағы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кірмейді.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңесінің өкілеттігі
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің есебіне түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;;
2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға үміткерлермен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешім қабылдайды және шығарады;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін сапалы көрсету туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану туралы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру жөнінде қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды;
10) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілген жағдайлармен танысады, білім беру ұйымы психологының қатысуымен олармен әңгімелесу өткізеді;
Білім беру ұйымының қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге көмек көрсетеді.
жүзеге асырылады телефон: 26-40-59.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Ұсыныстарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде 2020 жылдың 10-21 тамыз аралығында Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10 А мекенжайы бойынша