Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2020 жылдың 13 мамыр күні Өскемен қаласының білім беру бөлімінің Facebook пен Instagram парақшаларында «Өскемен қаласының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тікелей эфир өткізілді.  Тікелей эфирге ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин, «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бақыт,  Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы Акерке Абылайхан,  қалалық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жасалуының негізгі себептері туралы айтып, білім беру саласындағы қылмыстардың нақты мысалдары бар қылмыстық істер бойынша статистика берді. Ол барлығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау қажеттілігі туралы ескертті.

«Шығыс-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт барлығын белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуге және бірге жұмыс істеуге шақырды. Білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан қалада білім беру саласында «Жұмыспен қамтудың жол картасының» жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Қала мектептерінде соңғы қоңырау мен бітіру кештерін өткізу туралы сұрақтарға жауаптар берілді.