Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Bilim Lab» ресурстық орталығының ашылуы

Өскемен қаласында 2020 жылғы 5 наурызда Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №1 орта мектеп базасында «Bilim Lab» ресурстық орталығының ашылу салтанаты өтті. Ресурстық орталықтың ашылуы білім басқармасының "Bilim Media Group" компаниясымен ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.

Іс-шара барысында компания спикері bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz және twig-bilim.kz ресурстардың жаңа мүмкіндіктері және оларды қолдану туралы толық ақпарат берді. Қонақтар өздерін толғандырған сауалдар қойып, пікірлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін білдірді.

Орталықтың басты мақсаты – мектеп мұғалімдеріне білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды, Bilim Media Group инновациялық компаниясының электронды оқыту ресурстары бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу. Бұл мұғалімдердің біліктілігін көтеруге септігін тигізеді. Кез келген мұғалім оқушылармен бірге орталықта ашық сабақ өткізіп, семинар, тренингтерге қатысып сертификат алу мүмкіндігіне ие болды. Ресурстық орталық заманауи озық техника құралдарымен, интерактивті тақта және компьютерлер құрылғыларымен жабдықталған. Аталған орталықта мұғалімдер мен оқушылар ҰБТ және ОЖСБ-ны дайындалуға мүмкіндік алды.