Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"IT-жоба 2020" қалалық байқауы

Ақпараттық технологиялар саласында дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында 2020 жылдың 30 қаңтарында № 24 орта мектеп базасында "IT – жоба 2020" қалалық байқауы өткізілді. Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысты. 30 жоба ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын "3D-домбыра" жобасымен (А. Байтұрсынов атындағы № 20 ОМ) Тұрғанов Алмас, "Домашняя метеостанция в Arduino" жобасымен (№11 мл) Романенко Даниил, "Домашняя метеостанция в Arduino"жобасымен (№17 мл) және М. Әуезов атындағы № 17 ОМ оқушылары Нұртазаев Дамир, Барищев Степан, Климов Сергей "Робот – көпір төсегіш" жобасымен иеленді. ІТ-жобалар байқауының жеңімпаздары білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ олар облыстық IT- фестивальде өз жобаларын ұсынады.