Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Рахат» балабақша- бөбекжайында робототехника кабинеті ашылды

2020 жылдың 24 қаңтарында Өскемен қаласы әкімдігінің № 15 «Рахат» балабақша- бөбекжайы КМҚК-да робототехника кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік іс - шараға Өскемен қаласы білім беру бөлімінің басшысы Абылайхан Ақерке, қалалық балабақша директорлары және ата - аналар қатысты. Қонақтарға «Роботландияға саяхат» тақырыбы аясында бүлдіршіндер мен педагогтар концерттік бағдарламасын ұсынды. Робототехника кабинеті заман талабына сай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті құралдармен жабдықталып, тәрбиеленушілердің  қызығушылықтары арта түсуде.