Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Абай - ұлылардың ұлысы" атты әдеби - музыкалық кеш өтті

Өскемен қаласының білім беру бөлімі ұйымдастыруымен  ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай - ұлылардың ұлысы" атты әдеби - музыкалық кеші өтті. Поэзия мен музыка кешінде ойшылдың ілімі жаңа сипатта асқақтатылды. Қалалық мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары мен тәрбиеленушілері көрермендерге хәкім Абайдың еңбектерін ұсынды. Сахна шымылдығын «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының ұжымы ашты. Балалабақша меңгерушілері Абайдың әндерін айтып, өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндері би билеп, тәрбиешілері қойылым қойып, көрермендерге мерекелік шашу сыйлады. Сондай-ақ, ақындық-музыкалық, хореографиялық қойылымдар, соның ішінде Абайдың табиғат сұлулығына арналған қойылымдары көрсетілді. Қызықты өткен іс-шара өте әсерлі болды.