Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Волонтер жылына арналған «Біргеміз» акциясы жайлы ақпарат

Үйренушілердің қоғамның игілігі үшін ерікті бастамалар идеяларын дәріптеу жолымен адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында 2020 жылғы 14 ақпанда Оқушылар шығармашылық сарайында Волонтер жылына арналған «Біргеміз» акциясы болып өтті.   

Шараның бағдарламасында «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің, №17 и 45 мектептердің волонтерлар отрядтарының өнер көрсетулері, шығармашылық нөмірлер, «Жас Ұлан» би флеш-мобы өткізілді.

Барлық қатысушыларды шараның құрметті қонақтары құттықтады: Өскемен қаласы білім беру ісінің еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері Т.Л. Воловенко, М.Ж. Шакенова және Е.А. Ткаченко, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.С. Рамазанов, Шығыс Қазақстан білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының қосымша білім беру әдіскері Э.А. Нурмухамедова.

Акция аясында сонымен қатар Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің және мектеп комитеттері ұланбасыларының отырысы болып өтті. Қатысушылар балалар мектеп бірлестіктерінің әлеуметтік маңызды бастамаларының 2020 жылғы марафонының жұмыс жоспарын қарастырып талқылады, және де ізгі істерді іске асыру мен өткізуге қызу қолдау білдіретіндіктерін танытты.   

Шараға қатысушылар атап өткендей, волонтерліктің өзегі – ынтымақтаса отырып игі іспен айналысу, өзгелерге жақсылық жасау идеалы және де бірлесе отырып бұл әлемді өзгерте аламыз деген сенім!