Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мен бір жұмбақ адаммын...» зияткерлік ойыныі

2020 жылдың 3 ақпанында Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде» Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Мен бір жұмбақ адаммын...» атты 7,8-сыныптар арасында брейн-ринг зияткерлік ойыны өтті.
Ойынның мақсаты: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең ұғындыра отырып, оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілетін арттыру.
Ойын 5 айналымнан тұрды. Оқушылар ойын барысында Ұлы Абайдың шексіз, шетсіз мол мұрасын терең білетіндіктерін аңғартты. Ойын қорытындысында 7 «Б» сыныбының «Абай ізбасарлары» тобы жеңімпаз атанды. Басқа да белсене қатысқан топтар мадақтамалармен марапатталды. Ойын тартымды да, тартысты өтті.