Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Робототехника кабинетінің ашылуы

2020 жылдың 21 қаңтарында Өскемен қаласы әкімдігінің "№1 "Балапан" балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда алғашқы робототехника кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.  Мерекелік іс-шараға Өскемен қаласы білім беру бөлімінің басшысы, қала балабақшаларының директорлары және ата-аналары қатысты. Қонақтарға балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Робототехника кабинеті  барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Балалар робототехника кабинетінің ашылуын үлкен қызығушылықпен қабылдады.