Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектепке дейінгі ұйымдардың директорларымен кеңес

20 қаңтар күні «№ 46 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ  Өскемен қаласының  мектепке дейінгі ұйымдарының директорларымен қалалық семинар-кеңес өткізілді. Семинар модераторы Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы А. Абылайхан күн тәртібімен таныстырды. Білім бөлімінің бас маманы А. К. Ережепова "Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының" мектепке дейінгі білім беру бойынша негізгі бағыттары туралы айтып берді. ҚӘК басшысының м.а. А. З. Нұрпейісова қатысушыларға Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" Заңында қарастырылған жаңалықтар туралы баяндады. Семинардың практикалық бөлімінде "Prof Dialog Kazakstan" сараптамалық - талдау бірлестігінің жетекшісі Тасболатова Балсулу Кувандыковна "Бақытты бала" атты тренингті ұсынды. Іс-шараға қатысушылар тренингке белсенді қатысты. Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары көп пайдалы және қызықты ақпарат алды. Семинар-кеңес өз мақсатына жетті.