Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Білім беру бөлімінің басшысы жанындағы кеңес

2020 жылдың 15 қаңтарында Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 48 орта мектебі" КММ-де дөңгелек үстел түрінде білім беру бөлімінің басшысы жанындағы кеңес өтті.

Кеңеске қала мектептерінің директорлары, білім беру бөлімінің мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Кеңесте білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары, "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңы, қаланың білім беру ұйымдарын 2020 жылға қаржыландыру туралы сұрақтар талқыланды.

Білім бөлімінің басшысы А. Абылайхан заң педагогтардың кәсіби қызметінде құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі жазатынын және мұғалімдерді материалдық қамтамасыз етуге, көтермелеу және әлеуметтік кепілдіктер шараларына қатысты нормаларды қамтитынын атап өтті.

Қала мектептерінің педагогикалық ұжымдарында қаралған мәселелерді талқылау ұсынылды.