Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай-дана, Абай-дара!» қалалық байқауының пресс-андатпасы 

Мақсаты – өскелең ұрпақ арасында қазақтың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау.

Байқау  21.01.2020 - 4.03.2020 аралығында білім беру ұйымдары арасында өтеді.

   Байқаудың номинациялары:

1. "Абай әлемін танимыз" - бейнеролик конкурсы (білім беру ұйымы бойынша виртуалды экскурсия).

2. «Абай ұлы даланың - ұлы ойшылы» іс-шаралардың  бейневернисажы.

3. «Абай еңбектері – әлем мұрасы» тақырыбына арналған мектеп сайтының бөлімі. 

4. «Абай - тәлімгер және ұстаз»  тақырыбындағы буклет. 

Байқау қорытындысы 2020 жылдың 04 наурызында гала-концертте жарияланады.

Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай-дана, Абай-дара!» қалалық байқауының Ережесі