Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«11 сынып оқушыларын ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындықты ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл»

Өскемен қаласы әкімдігінің «О. Бөкей атындағы № 44 лицейінде 11 сынып оқушыларын ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындықты ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл» атты тақырыпта семинар - практикум болып өтті. Семинарға қала мектептерінің оқу ісінің меңгерушілері мен пән мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты:  оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізуге әдістемелік көмек көрсету.

Семинардың алғашқы  бөлімінде Өскемен қаласы білім беру бөлімінің әдіскері А.З. Нұрпейісова сөз алып, өз сөзінде 2019 - 2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша 11 сынып түлектерінің үш жылдық білім сапасына талдау сараптамасын жасап, қала мектептері түлектерінің сыртқы бақылауға дайындық барысымен таныстырды.

Семинар жұмысы 6 пәндік секцияда жалғасты. Физика, математика, химия, биология, география, қазақ және орыс тілдері, тарих пәндері бойынша тәжірибелі мұғалімдері шебер - сыныптар көрсетіп, ҰБТ-ға сапалы дайындық жолдарын, оқытудың түрлі әдіс - тәсілдері мен технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Іс - шараға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 300-ден астам пән мұғалімдері қатысты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға семинар тақырыбы бойынша  одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берілді.