Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оқушыларды қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау

Қала мектептерінің "Алтын Белгі" белгісіне үміткерлерді қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындау аясында Өскемен қаласының білім беру бөлімі ұйымдастыруымен 2020 жылдың 5 - 6 қаңтарында "Зәки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі"  КММ  қысқы "Кіші Академия" сабақтары  өтті. 

Сабақ психологиялық тренингтен басталды. Тәжірибелі психологтар А. Хизина, Г. Жумадилова, С. Ақылбекова, О. Алексеенко, М. Башикова, А. Абдолдина, С. Бақтыбаева, Г. Мальцева  мектеп бітірушілердің емтиханға қолайлы көңіл-күйін қалыптастыру үшін ойын түрінде тренингтер өткізді. "Кіші академия" шеңберінде міндетті пәндер бойынша кеңестер өткізілді: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы және таңдау пәндері.  Пән мұғалімдері қызықты және қолжетімді түрде кеңес берді: іскерлік ойын, квест, тест тапсырмаларын шешу, бейнероликтер мен презентациялар. Түлектер пәндер бойынша тапсырмалар ерекшеліктерімен, математикалық сауаттылықтан логикалық есептерді шешу тәсілдерімен танысты. Осының барлығы оқушыларға ҰБТ және қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстарын одан әрі жүргізуге мүмкіндік берді.

Жоғары пікірге ие болған математика мұғалімдері: Толбаева К. С. (№3 мл), Петруха А.Ю. (№12), Бикенова С.А.(№16 ом), Смольникова С.Ю.(№29 ом), физика мұғалімдері: Куденова Ж.М.(№16 ом), Плеслова А.А. (гим.№38), қазақ тілі мұғалімдері Ибатаева И.А. (№3 мл), орыс тілі мұғалімі Акулова И. Ю. (№17 ом), биология мұғалімдері Каблакатова Р. М. (№3 мл), Козьмина О.Ю. (№36 ом), Очкина О.В. (№19 ом), Боранбаева Ж. (№20 ом), география мұғалімдері Тугельбаева А.Т. (№46 ом), Ушакова Е.Н. (№27 ом), ағылшын тілі мұғалімдері Герман В. А. (№12 ом), Мусахаева Ж.М. (№46 ом).

"Кіші Академияға" қала мектептерінің 11-сынып түлектері қатысты. Оқушылардың пікірлері бойынша сабақтар қызықты, нәтижелі өтті және көктемгі демалыста сабақты жалғастырылады.